Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жәмила Бақбергенова Будапешттегі халықаралық рейтингілік турнирдің күміс жүлдегері атанды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Будапешттегі (Венгрия) халықаралық рейтингілік турнирде күміс медальға ие болды.

Жәмила Бақбергенова
Фото: ҚР ҰОК

72 келіге дейінгі салмақта бәсеке айналмалы жүйе бойынша өтті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Жәмила бірінші белдесуінде қырғызстандық Кайыргуль Шаршебаеваны жеңсе, екінші айналымда үндістандық Дикша Малик тізе бүктірді.

Дегенмен алтын жүлде үшін өткен кездесуде Польша өкілі Виктория Холуйден жеңіліп қалды. Осылайша күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бүгін, 19 шілдеде грек-рим күресінен қалған салмақ дәрежелері бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын 8 жүлдемен бастағанын жазған едік.