10:44, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Жәмиля Серкебаева Қазақстаннан кетіп барады
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Скрипкашы-ханым Жәмиля Серкебаева АҚШ-қа аттану үшін заттарын буып-түюде.

Hit.tv сайтының жазуынша, Серкебаева Қазақстаннан бір айға кетіп барады.
«Мен Американдық музыкант Jeff Arundel-дің продюсерлік орталығымен келісімшартқа отырдым. Ол өзі музыкант. Бірнеше концерт беру үшін және орындаушылармен танысу үшін шамамен бір айға кетіп барамын», - дейді ол.
Орландо, Лос-Анджелес, Лас-Вегас - бұл Серкебаеваның сапар барысында ат басын тіремек қалалар. Әрбір қалада скрипкашы өзіне жақын - джаз бен поп-музыка бағдарламалары бойынша концерттер береді.
«Бұл (ред.-концерттер) біз үйренгендей қала күніне, не тағы басқасына орайластырылмаған. Бұл мәдениеттермен алмасу іспеттес болмақ. Мен үшін бұл өте қызықты, оған білек сыбана дайындалып жатырмын», - дейді Серкебаева.