Жаңа буынның кванттық чипі таныстырылды: кубит сенімділігі 1000 есе артық
АСТАНА.KAZINFORM - Microsoft агент негізіндегі жасанды интеллект арқылы жасалған ең жаңа топологиялық кванттық Majorana 2 чибін таныстырды.
Majorana 2-нің негізгі ерекшеліктерінің бірі - кубит сенімділігін (кванттық компьютердегі ақпаратты сақтаудың ең кіші бірлігі) алдыңғы буын Majorana 1-мен салыстырғанда 1000 есе артық жаңа материалдық құрылым. Бұл кубиттің орташа қызмет ету мерзімін 20 секундқа жеткізуге мүмкіндік береді, ал жеке кубиттер бір минутқа дейін жұмыс істей алады.
- Бұл жетілдіруді бір күнде заряды таусылмайтын, бір зарядта шамамен үш жылға жететін телефон батареясын ойлап табумен салыстыруға болады, - делінген компания мәлімдемесінде.
Осылайша, Microsoft 2029 жылға қарай масштабталатын кванттық компьютер жасауды жоспарлап отыр, бұл бастапқы мерзімін екі есеге қысқартады. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай машина жаһандық денсаулық сақтау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұрақты даму және энергия өндірісіндегі күрделі мәселелерді шеше алады.
Бұған дейін Илон Маск ғарышты игеру үшін тарихтағы ең ірі чип зауытын салатыны хабарланған.