Жаңа Каледониядағы тәртіпсіздіктер кезінде никель бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Кейбір ірі никель кен орындары орналасқан Жаңа Каледониядағы тәртіпсіздіктерге байланысты металл өндірісі тоқтап қалды. Соның салдарынан минерал бағасы 9 айдағы ең жоғары деңгейге (тоннасына 21 150 доллар) көтерілді.

валюта
Фото: Kazinform

Никель фьючерстері Лондон металдар биржасында (LME) 7%-ға дейін көтеріліп, тоннасына 21 150 долларға бағаланды, артынша сәл төмендеді (5%). Никель әсіресе болат пен электромобильдерге арналған аккумуляторлар өндірісінде қолданылады.

LME мәліметінше, 16 мамырда никель бағасы тоннасына 19 335 доллар болса, 17 мамырда 20 370 доллар болды.

Amalgamated Metal Trading талдаушысы Дэн Смит Жаңа Каледониядағы толқулар нарыққа әсер ететінін растады.

 

Соңғы жаңалықтар