Брюссельдегі «Shanyraq Dialogues» кездесуінде жаңа Конституция бойынша референдум мәселесі талқыланды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде Еуроодақтың негізгі институттарының өкілдері, ресми және сарапшы өкілдердің қатысуымен Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы мен алдағы референдумды талқылау өтті, деп хабарлайды Kazinform-ның Брюссельдегі меншікті тілшісі.

Референдум по новой Конституции стал темой встречи «Shanyraq Dialogues» в Брюсселе
Фото: Арнұр Рахымбеков/Kazinform

Талқылау мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам өкілдері арасында Қазақстанға қатысты мәселелер бойынша мағыналы пікір алмасу үшін ашық алаңға айналуды мақсат ететін «Shanyraq Dialogues» жаңа платформасының ресми түрде іске қосылуы аясында ұйымдастырылды.

Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Елшісі және Еуропалық Одақ пен НАТО-дағы Тұрақты өкілі Роман Василенко Қазақстандағы конституциялық реформаның қазіргі кезеңі, оның елдің ішкі дамуы үшін маңыздылығы және еуропалық серіктестермен өзара іс-қимылы туралы баяндады.

Елші реформа бастамасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған елдің саяси жүйесін ауқымды жаңғыртудың бір бөлігі екенін және оның мемлекеттік басқарудың тиімдірек, ашық және есеп беретін моделін құруға бағытталғанын атап өтті.

Референдум по новой Конституции стал темой встречи «Shanyraq Dialogues» в Брюсселе
Фото: Арнұр Рахымбеков/Kazinform

Іс-шараға қонақ ретінде шақырылған еуропалық «Eualive» онлайн басылымының негізін қалаушы және бас редакторы Георгий Готев те спикер ретінде сөз сөйлеп, жүріп жатқан процестердің Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар үшін маңыздылығы туралы көзқарасын білдірді.

Баяндамалардан кейін қызу және сындарлы атмосферада сұрақ-жауап сессиясы өтті.

Іс-шара қонақтары конституциялық реформаның мән-жайларына, оны жүзеге асыру тетіктеріне, сондай-ақ Қазақстанның саяси жүйесін дамыту және еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдету перспективаларына шынайы қызығушылық танытты. Талқылау ашықтығы және мазмұндылығымен ерекшеленді, бұл қатысушыларға реформаның ең өзекті аспектілері бойынша пікір алмасуға және егжей-тегжейлі түсініктемелер алуға мүмкіндік берді.

Іс-шара кәсіби және мазмұнды талқылау үшін жаңа диалог платформасына сұранысты растады. «Shanyraq Dialogues» іске қосылуы Қазақстан мен оның еуропалық серіктестері арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы жаңа қадам болып, даму және ынтымақтастықтың басты мәселелері бойынша ашық талқылауға әзірлікті танытты.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың қарашасында рюссельде Қазақ мәдениет орталығы ашылды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум