Жаңа Конституция жобасының мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланады

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа Конституция жобасының мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланады. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 6-отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты.

Ерлан Карин назвал ключевые принципы, заложенные в новой редакции Конституции РК
Видеодан алынған скрин

- Конституциялық реформалардың ауқымы мен тереңдігін ескерсек, оны мәні жағынан құқықтық түзетулер пакеті емес, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ретінде қарастыру қажет. Осыған байланысты азаматтадың жаңа Конституция мәтінімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, Конституциялық сот аппаратына Конституция жобасының мәтінін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жариялауды, сондай-ақ оны Конституциялық соттың ресми сайтында орналстыруды тапсырамын,- деді Эльвира Әзімова.

Сонымен қатар Конституциялық сот төрағасы комиссия мүшелерін алда маңызды кезең күтіп тұрғанын ескертті.

- Ол – жаңа Конституцияны азаматтардың тікелей қатысумен кеңінен талқылау. Біз үшін жобаны қоғамның пікірімен толықтырып алу мазмұнды. Азаматтар Ата заң мәтінімен танысқаннан кейін комиссия жұмысын жалғастырады. Коституциялық комиссия атынан осы жұмысқа қатысқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіргім келеді, - деп түйіндеді отырысты Эльвира Әзімова.

Бұған дейін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституциядағы Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын атаған еді. 

Соңғы жаңалықтар