Жаңа саяси партияның құрылуы: «Әділет» съезі өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтіп жатыр. Съезге Қазақстанның барлық өңірінен шамамен 1000-ға жуық делегат қатысып отыр.

Жаңа саяси партияның құрылуы: «Әділет» съезі басталды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Съезд аясында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес партия қызметін ресми түрде бастау үшін қажетті шешімдер қабылданады. Партия өз бағдарламасында «Заң мен тәртіп» қағидаты әділеттіліктің басты негізі екенін атап көрсетеді.

Жаңа саяси партияның құрылуы: «Әділет» съезі басталды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Құрылтай съезін өткізу тәртібіне сәйкес, съездің жұмыс органдары сайланды. Атап айтқанда, Есеп комиссиясы, Мандат комиссиясы, Съезд хатшылығы және Редакциялық комиссия құрылды. Әр комиссия төрағадан және кемінде үш мүшеден тұрады.

Жаңа саяси партияның құрылуы: «Әділет» съезі басталды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Күн тәртібінде көтерілген алғашқы мәселе — «Әділет» саяси партиясын құру туралы болды. Құрылтай съезінің делегаттары партияны құруға бірауыздан дауыс берді. Сондай-ақ партияның атауын бекіту мәселесі де толық қолдау тапты.

Жаңа саяси партияның құрылуы: «Әділет» съезі басталды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Съезге қатысып, дауыс берген делегаттар саны — 931 адам. Бұл жалпы делегаттар санының 94 пайызын құрайды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес еліміздің барлық өңірлері, республикалық маңызы бар қалалар және ел астанасынан делегаттар съезге қатысып отыр, — деді Мандат комиссиясының төрағасы Ляззат Шыңғысбаева.

Более 9 тысяч членов и делегаты со всех регионов: в Астане проходит съезд «Әділет»
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Әділет» партиясының құрылтай съезінің делегаттары ұйымның жарғысы мен бағдарламасын да бекітті. Дауыс беру нәтижесіне сәйкес қарсы және қалыс қалғандар тіркелген жоқ.

Партия съезге заңда белгіленген 5000 мүшелік межеден асып, 9312 мүшемен келген. Сондай-ақ әр облыс пен республикалық маңызы бар қаладан кемінде 200 мүшеден тіркелу талабы да толық орындалған.

Более 9 тысяч членов и делегаты со всех регионов: в Астане проходит съезд «Әділет»
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Әділет» партиясының негізгі құндылықтары ретінде әділдік, отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және даму айқындалды. Партия өз бағдарламасында заң әлсізге қатал, ал күштіге ыңғайлы болмауға тиіс екенін ерекше атап өтеді.

Еске сала кетейік, 15 сәуірде бастамашыл топ жаңа партия құру туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын. Ал 16 сәуірде ҚР Әділет министрлігі тиісті хабарламаның қабылданғанын растады. Осылайша, 7 мамырдағы құрылтай съезі ұйымды құру жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болды.