Жаңа транзиттік бағыттарды әзірлемей ЭЫҰ-ға мүше елдердің арасында сауда -экономикалық қарым- қатынастарды тиімді дамыту мүмкін емес - К. Мәсімов

ТЕГРАН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Көліктік инфрақұрылымсыз және жаңа транзиттік бағыттарды әзірлемей Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің арасындағы сауда- экономикалық қарым- қатынастарды тиімді дамыту мүмкін емес.
None
None
Бүгін Иран астанасы Тегранда өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының 10-шы саммитінде ҚР Премьер- Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.К.Мәсімов Қазақстан осы қатынаста транзиттік-көліктік тасымалдар бойынша негізгі келісімді орындауды, Алматы-Ыстамбұл бағытындағы тұрақты контейнерлік және жолаушылар пойызы қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі жобаларын жүзеге асыруды Ұйымның және оған мүше елдердің келешектегі дамуы үшін өмірлік маңызы бар мәселе деп есептейтінін атап көрсетті. «Сонымен қатар, Қазақстан балама нұсқа ретінде Алматы-Бандер-Аббас бағытындағы пойызбен тұрақты контейнерлік тасымал жобасын жүзеге асыруды ұсынады. Біз Ұлы Жібек жолының жаңа сапалы деңгейде жаңғыруына белсенді күш- жігер жұмсауға құлықтымыз», деді К. Мәсімов.Қазіргі таңда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізін қайта жаңғырту жөніндегі жұмыс басталғанын айтқан ол: «Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер бұл жобаға қатысса құба- құп болар еді», деді.
Соңғы жаңалықтар