Жаңа Жамбыл фосфор зауытында жарылыс болды
Оқиға 3 тамыз күні сағат 11:30-да болған.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор шығарылған.
Салдарынан 1991 жылы туған екі азамат Орманов Д.Ж. және 1997 жылы туған Қалдыбай Ш.Е. зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Күйік ауруының шок кезеңі - 2-3. Фосформен термохимиялық күйік - 22 пайыз.
Бұған дейін Жамбыл облысында тұрғын үйден өрт шығып, 50-ден астам адам құтқарылғанын жазған болатынбыз.
Оқиға орнына Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетіп, баспалдақ арқылы 50 адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге көшірді.
Оның 20-сы — балалар.
Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері мен психологтері аталған көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына психологиялық көмек көрсетті.
Сондай-ақ Жамбыл облысында жүріп бара жатқан көліктен денесін шығарып, әңгімелескен жігіттер 224 мың теңге айыппұл төлейтін болды.