21:06, 01 Тамыз 2023 | GMT +5
Жамбылда жүріп бара жатқан көліктен денесін шығарып, әңгімелескен жігіттер 224 мың теңге төлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі жол бойында көлік терезесінен денесін шығарып, бір-бірімен сөйлесіп бара жатқан жастардың видеосына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бейнежазбадағы оқиға Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қошқарата ауылында түнгі мезгілде болған.
«Бауыржан Момышұлы ауылының екі тұрғыны және бір жергілікті тұрғын анықталды. Toyota автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. 19 жастағы жүргізуші сақтандыру полисі жоқ, техникалық тексеруден өтпеген ВАЗ 21099 автокөлігін басқарып, басқа жүргізушілер үшін апаттық жағдай туғызғаны және жолаушыларды тасымалдау талаптарды қайта сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп мәлімдеді ІІМ.
BMW автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 606-бабының 1-бөлігі бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылған.
Үш жүргізушіге салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 224 250 теңге.