Жаңа жыл мерекесінде ХҚО мен мамандандырылған ХҚО қалай жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 2026 жылғы 1 және 2 қаңтарда, сондай-ақ 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Азаматтарға арналған үкімет.

спецЦон
Фото: Kazinform

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, 3 қаңтар, сенбі күні кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО үшін жұмыс күні болып саналады. Бұл күні азаматтарды қабылдау 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Ал 5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып есептеледі.

Аталған күндері еліміздегі барлық ХҚО мен мамандандырылған ХҚО әдеттегі тәртіпте қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар, жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске салайық, Қазақстанның бірқатар қаласында ХҚО-лардың мекенжайлары өзгереді.

Соңғы жаңалықтар