Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін: Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.

«Многое может решиться к Новому году»: Зеленский анонсировал встречу с Трампом
Фото: Report.az

Зеленский бұл туралы өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Украина көшбасшысының айтуынша, Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров оған америкалық тараппен соңғы байланыс туралы ақпарат берді.

— Біз бір күнді де босқа өткізбейміз. Жақын арада президент Трамппен жоғары деңгейде кездесуге келістік. Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін. Украина жасасын! — деп жазды Зеленский.

Екі көшбасшының кездесуі қайда және қашан өтетіні әлі белгісіз.

The Kyiv Post басылымының хабарлауынша, ол АҚШ-та 28 желтоқсанда Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лагодағы жеке резиденциясында өтуі мүмкін.

2025 жылы Владимир Зеленский Ақ үй басшысымен келіссөз жүргізу үшін АҚШ-қа үш рет барды, соңғысы 17 қазанда болды.

Айта кетейік, бұған дейінгі Зеленский мен АҚШ делегациясы арасындағы келіссөз 5 сағаттан аса уақытқа созылған еді.

Зеленский Трамптың Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын жариялады.

Соңғы жаңалықтар