08:39, 12 Қаңтар 2012 | GMT +5
Жаңақорған ауданында азаматтардың құқықтарын қорғау барысында 22 млн. теңгеден астам залал мемлекет пайдасына өндірілді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында азаматтардың құқықтарын қорғау барысында 22 млн. теңгеден астам залал мемлекет пайдасына өндірілді,
деп мәлімдейді Жаңақорған ауданының прокуроры әділет кеңесшісі А.Кемалов.
Оның айтуынша, 2011 жылдың 11 айында жүргізілген 72 тексеруде 1409 заң бұзушылықтар анықталған. Олар бойынша енгізілген 83 ұсыныс негізінде 78 тұлға тәртіптік, 66 тұлға әкімшілік және 63 тұлға материалдық жауаптылыққа тартылды. Келтірілген 8 наразылық негізінде 527 заңсыз актілердің күші жойылды немесе өзгертілді. Осы негізде 3275 азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалып, 22 млн. теңгеден астам келтірілген залал мемлекет пайдасына өндірілді.