Жаңақорған ауданында Тәуелсіздік тойы құрметіне балалар бақшасы пайдалануға берілді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңа балалар бақшасының ғимараты қатарға қосылды.
Ол облыста жүріп жатқан «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 әлеуметтік нысан» айдары аясындағы шаралардың нәтижесінде пайда болды. «Алпамыс» деп аталатын бұл балалар мекені 90 орындық, санаториялық бағытта құрылған. Балабақша 2 қабатты типтік жобада салынып, 4 топқа арналған.