Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңақорған ауданының Еңбекші ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Сунақата ауылдық округіндегі Еңбекші ауылында №252 мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

 Жаңақорған ауданының Еңбекші ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді - Қызылорда облысы

Бұл құрылыс үшін облыстық бюджеттен 60 000,100 мың теңге қаржы бөлініп, оның 59 995,861 теңгесі игерілді. Құрылысты «Вист-KZ» ЖШС жүргізді.

Жаңа білім ордасы үш блоктан тұрады. Оларда сынып бөлмелерімен қатар, акт және спорт залдары қамтылған.