Жаңақорғанда жастар мәселесін талқылаған жиын өтті - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаңақорған аудандық әкімдігі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру жөніндегі біріккен кеңесте жастардың рухани тәрбиесі және олардың мәселелері жайында сөз болды.
None
None

Жиынға кеңес мүшелері және мемлекеттік мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар қатысты, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

- Елбасы «Қазақстан жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, онда елдің еңсесі биік болады» деген болатын «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде. Яғни, жастар саясаты - Елбасы стратегиясы басым бағыттарының бірі. Осы ретте ауданда «Қандай істер тыңдырылды? Неге көңіл бөлуіміз қажет?» және т.б. сұрақтарға жауап алу үшін жиналдық, - деді кеңес төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев. Күн тәртібіне сай алғашқы сөз алған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Рысбектің сөзіне қарағанда, биыл аудан республикалық спорттық жарыстарды өткізумен ерекшеленген. Сонымен қатар, спортшылар халықаралық ареналарда елдің намысын абыроймен қорғауда. Мәселен, ауыр атлет А.Өтешов Азия ойындарында күміс еншілесе, еркін күрес шебері Ғ.Өсербаев әлем чемпионы атанды, А.Шағапұлы үшінші орынды иеленді. Ал «Ауғанстан ардагерлері және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Әбілакимов: «Елбасы Жолдауындағы басымдықтарды насихаттау және түсіндіру мақсатында рухани-мәдени шараларға басымдықтар берудеміз. Мәселен, «Тарихымды танып, білгім келеді» атты тарихи-өлкетану саяхаты ұйымдастырылды. Саяхат барысында жастар Хорасан Ата, Ақтас кесенесіне, Төлек Ата, Сығанақ пен Саурат қаласына барып, тарихымыздың бай екендігімен танысты»,- дей келе, атқарылған жұмыстары жайлы баяндады. - 14-29 аралығындағы жастар саны 23040. Бұл облысымыздың өзге аудандарынан айтарлықтай көп екендігін білдіреді. Біз жастардың көптігімен ғана емес белсенділігімен де мақтана аламыз. Бүгінде белсенділігі жоғары жастар шоғыры қалыптасып, олар аудандағы барлық іс-шараларға атсалысып жүр, - деді «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрбол Бакиров. Сондай-ақ, Шалхия кенті, Қыркеңсе мен Қандөз ауылдық округтерінің әкімдері ауыл жастарының тыныс-тіршілігі жөнінде хабарлама жасады.

Соңғы жаңалықтар