Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңаөзендегі жеңілдіктер науқаны полицияның араласуымен аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңаөзендегі дүкендердің бірінде жеңілдіктер науқаны кезінде келушілер шамадан тыс көп жиналған. Бұл ақпаратты полиция растады.

Жаңаөзендегі жеңілдіктер науқаны полицияның араласуымен аяқталды
Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, дүкендегі адам көптігі жеңілдіктер науқаны кезінде болған.

Оқиғаға байланысты сауда орнының иесіне қатысты тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр.

Бұған дейін Ақтауда «Жасыл ел» еңбек жасағына құжат қабылдау кезінде ұзын-сонар кезек пайда болған еді. Адамдардың көп жиналуынан болған қысым салдарынан бес адамның жағдайы нашарлаған.