Жаңартудан көшбасшылыққа
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Максим Вольф/ - Қазақстан мен Ресей саяси аренада бір-бірін қай жағынан болса да толықтырып тұр.
Шындығын айту керек, екі елдің стратегиялық әріптестігі олардың сыртқы аренада және бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ұстанымдарын нығайтуға мүмкіндік береді. Мәскеу ЕҚЫҰ-ға төрағалық мәселесінде Астананың белсенді жақтастарының бірі болды, биылғы жылы Ресей Қазақстанның ұйым саммитін жоғары деңгейде өткізу туралы бастамасына қолдау көрсетті. Бірақ экономикалық салада жағдай қандай дәрежеде?
Біз тек жақын көршілер емеспіз, біздің екі ел арасында көптеген жақындықтарымыз бар, ол тек саяси жағынан ғана емес. Ресейде негізінде инновациялық даму жатқан Стратегия 2020 қабылданды. Қазақстанда да биылғы жылы үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бағдарламасы қабылданды. Құжаттың мақсаты - халықтың әл-ауқатын жақсарта алатын 21-інші ғасырдың жаңа бәсекежағдайында төтеп бере алатын экономика құру. Осыған орай, қызық бір сұрақ туындайды: бір-бірін стратегиялық әріптес ретінде санайтын екі тарап бірлесе отыра жаңа экономикалық салтты қалыптастыра ала ма?
Ең алдымен, екі ел де инновациялық салаға телініп жүрген бірқатар салаларда ынтымақтасуда. Олар ғарышты бейбіт игеру, сонымен қатар ядролық энергетика салалары. 2008 жылы екі мемлекеттің аймақ басшыларының Ү Форумында қазақстандық басшы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей: «Қазақстан мен Ресейдің инновациялық саладағы интеграциясы - әлемдік ғылыми-технологиялық кеңістіктегі бірлескен орынды жаулап алудың маңызды элементі».
Дегенмен бұл сөздерге әлемдік экономикадағы күнделікті келеңсіздіктер ерекше салмақ қосыт. Қазір әлем елдері жаңа дәуір - дағдарыстан кейінгі әлем кезеңінің табалдырығында тұр. Жаһандық дағдарыстың қирандыларынан туындамаса да, әлемдік саяси бомонд қазірдің өзінде көшбасшылық мәртебесі кімге тиетініне бастарын қатыруда. Одан Астана мен Мәскеу де сырт қалған жоқ. Екі ел басшыларының жауабы ретінде индустриялық-инновациялық даму бағытын ұстануы болды. Бұл тек таңдау ғана емес, екі ел халқының ХХІ жүзжылдықта дамуының кепілі болатын сыңайлы. Егер осыған дейін ғылыми ауқымды салалардағы қолданыстағы жобалар басты назарда болса, қазіргі күні жаһандық бәсекелестік жағдайында қалқып шығу мәселесі алдыңғы қатарға шыққан.
Мұндай заңдылықты түсіну үшін 70-85 пайыз ІЖӨ өсімі экономиканың инновациялық саласына тиесілі дамыған елдерге қарауға болады. АҚШ, Еуропа немесе Жапонияда ғылыми ауқымды өндіріске инвестициялардың ауқымы мемлекеттің ІЖӨ орташа алғанда 2,5 пайызын құрайды, ал бұрынғы кеңестік кеңістікте ол көрсеткіш 0,4-0,5 пайыздың шама-шарқысында тұр. Осының барлығы дамыған елдерге дағдарыс кезінде де әлемдік экономикада көшбасшылық позицияларды ұстануға мүмкіндік береді.
Бірақ, осындай қатынастар Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының солқылдақтығын жақсы көрсетеді. 2009 жылы ол 6 млрд. доллардан айрылып калды. Мұнда біздің республика көп зардап шекті, өйткені экспорттың үлесі 40 пайызға кеміп кетті. Ал осы уақытта Ресейдің көрсеткіші 35 пайызға төмендеді. Оның себебі тауарлардың шикізаттық түрі басым келетін қазақстандық жеткізушілерде. Бірақ экспорттың физикалық ауқымы өзгермесе де, баға өзгерді: табиғи ресурстар мен сыртқы рыноктағы мұнай арзандады. Оның үстіне жоғары қосымша бағасы бар өнімдерге сұраныс пен бағасы да қатты өзгерген жоқ.
Мамандардың айтуынша, дағдарыстан кейінгі кезеңде аталмыш тренд тек арта түсті. Осыған орай, инновациялық экономика сыртқы рыноктағы келеңсіздіктерге дәрумен секілді қарастырылады. Ең бастысы, ол қарсылыққа тұрақты ХХІ ғасырдың «бизнес-моделін» жасауға мүмкіндік береді. Бұл екі елдің саяси истеблишментін жақсы нақтылайды. Өйткені, соңғы кездері олардың тарапынан ғылыми ауқымды салаларда ынтымақтастықты байқауға болады.
Ресей Президенті Дмитрий Медведев те арнайы экономикалық аймақ құрылады деп отырған «Назарбаев Университетінен» білім алып шыққан мамандар «Сколково» (Подмосковье, - ред.) инновациялық орталығымен ынтымақтастық орнатады деген үмітін жеткізді.
«Сколково» жобасы әлі жүзеге асырылып жатқанымен бірқатар әлемдік ірі компаниялар жобаға қатысуға ниеттерін білдірген. Мысалға, америкалық Boeing концерні Мәскеу түбінде ұшақтарды жобалау жөнінде орталық құруға ниетті. Ал Голландияның Philips тобы ресейлік инновациялық орталықта светодиодтар мен медициналық техникаларды шығарумен шұғылдануды жоспарлауда.
Алайда ресейлік билік аталға өндірушілер арасынан біздің республикамыздың өкілдеріне ниет танытты. Бұл кездейсоқтық та емес. Егер Ресей мен Қазақстан инновациялық салада өзара бәсекелестік орнататын болса, онда екі ел де жаһандық және аймақтық көшбасшылық үшін таласта жеңіліп қалады. Айтпақшы, отандық сарапшылар «Сколково» жобасы қазақстандық инновациялық кәсіпорындардың бәсекелестікке қабылеттілігіне ықпалын тигізеді деген қауіптерін айтқан болатын. Алайда «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов бұндай әңгімелерді жоққа шығарды.
- Инновациялық кәсіпорындар Кеден одағына қосылғаннан зардап шекпейді. Керісінше, олар үшін бұл игілік болады. Біздің өндірушілеріміздің базалық деңгейі Ресеймен салыстырсақ, бірдей шамада. Кеден одағының арқасында белгілі бір кедергілер жолдан алынады, - деп атап өтті ол.
Бүгінгі таңда көршілес елде 16 мыңға тарта қазақ студенттері білім алуда. Және де аймақтық ауқымы да кең, жастарымыз тек Мәскеу мен Санкт-Петерборда ғана емес, Том, Новосібір, Омбы, Екатеринбор, Астрахан, Қазан, Саратов, Уфа қалаларында да оқып жатыр.
Қазақстан мен Ресей арасында қазірдің өзінде ғылымға жатқызуға болатын салалар бойынша ынтымақтастық орнаған. Ең алдымен бұл ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық. «Атом саласына тоқталатын болсақ, бұл бағытта Қазақстанмен уранды қазу, оны игеру салаларындағы тығыз кооперациялар мен үш елдердің нарығындағы өзара түсінісуге ерекше тоқтаатып өткуге болады», - деді осы мәселе жөніндеі Ресей Президентінің көмекшісі Сергей Приходько.
Екі ел де Халықаралық ядролық жылу банкі жобасында ынтымақтастық жасап үлгерген. Онымен қоса, атом саласы елдері арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық та бар. Бұл дегеніміз атом трендінің арқасында Мәскеу мен Астананың әлемдік экономикадағы ұстанымдары арта түселі деген сөз.
Ал саяси сала бойынша екі ел бір-бірін толықтырып, өздерінің жағдайын күшейтеді. Инновациялық саладағы ынтымақтастық бірқатар міндеттерді атқарады деп күтілуде, олардың арасында алдың,ы қатарлы технолиялардың қол жетімділігі, мамандар алмасу, сондай-ақ аса білікті кадларды даярлау міндеттері бар. бұ талаптардың барлығы қазірдің өзінде ресей-қазақстан қарым-қатынасынан көрініс табуда.