Жаңартылатын энергия көздеріне байланысты есептеу-қаржы орталығы құрылады

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат Жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр қуатын сатып алу үшін есептеу-қаржы орталығы құрылатын болады.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті.

«Заң жобасы бойынша есептеу-қаржы орталығын құруға жұмыс тобының отырысында депутаттар бастама жасады. Бұны Үкімет қолдады. Жалпы, жаңартылатын энергия көздері стансаларынан өндірілетін электр қуатын сатып алуды есептеу-қаржы орталығы жүзеге асыратын болады», - деді Нұрлан Қаппаров.

Министрдің айтуынша, заң жобасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін өндіретін ұйымдар алдағы уақытта үш жүйені таңдайтын болады. Оның бірі есептеу-қаржы орталығымен келісімшарт жасасу, екіншісі тұрақты тариф негізіндегі схеманы таңдау, ал үшіншіден «Электр энергетикасы туралы» заңнамаға сәйкес екіжақты шарт бойынша бекітілетін тарифте қалу. «Жаңартылатын энергия көздерінен электр қуатын өндіретін ұйымдармен бекітілетін үлгілік шарт заңға тәуелді актілермен белгіленетін болады», - дейді Н. Қаппаров.

Соңғы жаңалықтар