Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді

АСТАНА. KAZINFORM - Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) кезекті жекпе-жегі алдында жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізді. 

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Кәсіпқой бокс кешіне арналған ашық жаттығу елордадағы Ханшатыр сауда орталығында өтті. Оған бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығатын боксшылар да қатысты. Олардың қатарында Балауса Мұздыман, ағайынды Сабырхандар, Батыр Жүкембаев, Сұлтан Зауырбек, Баходир Жалолов және Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Анауэль Нгамиссенгу бар.

жаттығу
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Жәнібек ашық жаттығудан кейін отандастарына сәлем жолдап, алдағы айқасына қолдау білдіруге шақырды.

— Арма, қазақ елі! 5 сәуір күні барлығыңызды Астанадағы «Барыс аренада» күтеміз. Әлем жұртшылығына «Qazaq style»-дың қаншалықты мықты екенін көрсетеміз. Бізге жанкүйер болыңыздар, - деді боксшы.

Жәнібек
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жәнібек-Анауэль айқасы андеркарды толық анықталды. 

Соңғы жаңалықтар