Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Ларамен чемпиондық жекпе-жегі ресми жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы қатысатын орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек ресми түрде жарияланды.
 
                                              Отандасымыз қазірге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған. Енді Жәнібек 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді.
Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Сан-Антонио қаласында өтеді. Аталған бокс кешінде Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус та өзара кім мықтыны анықтайды.
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атағынып, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
2015 жылдан бері кәсіпқой бокста 17 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен.
Бұған дейін Жәнібек 2025 жылдың 5 сәуірінде франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгуден бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.