20:45, 13 Қазан 2023 | GMT +5
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады
WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы германиялық былғары қолғап шебері Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жек өткізеді. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары осы кездесуді көрсетеді, деп хабарлайды Kazinform.

АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында өтетін бокс кешін «Qazsport» телеарнасы 15 қазан сағат 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрерменге ұсынады. Ал «Qazaqstan» ұлттық арнасы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көрсету үшін эфирге сағат 10:00-ден бастап қосылады.
Айта кетейік, онлайн трансляция qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында жүргізіледі.