«Жаңбыр қарға ұласады»: Үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 14–16 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жария етті. Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтіледі.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендеп, жаңбырдың қарға ауысуы, көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін.
— Күшті жаңбыр, бұршақ және екпінді жел батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 16 сәуірде оңтүстікте, 15–16 сәуірде солтүстікте және орталықта күтіледі. 14 сәуірге қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі, — дейді мамандар.
Ауа температурасы төмендейді:
- батыста түнде +2…+10°С, күндіз +10…+15°С;
- солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0…+7°С;
- оңтүстікте түнде +3…+13°С, күндіз +8…+18°С.
Бұған дейін СҚО-да сәуір айында ауа райы қандай болатынын жазғанбыз.