Жаңбыр жауып, тұман түседі: 22 наурызға арналған ауа райы болжамы

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстанның оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады, кей уақыттарда жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

ауа райы
Фото: pexels.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың солтүстік жартысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ертең ел бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады, елдің оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар