Жанболат Үсенов СІМ-нің ресми өкілі болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жанболат Қалдыбайұлы Үсеновты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жанболат Үсенов СІМ-нің ресми өкілі болып тағайындалды
Фото: СІМ

Жанболат Үсенов 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) саясаттану факультетін тәмамдаған.

2004-2006 жж. — «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС жетекші сарапшысы.

2006-2007 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің атташесі.

2007 ж. — Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің атташесі.

2007-2011 жж. — Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің үшінші, екінші және бірінші хатшысы.

2011-2012 жж. — «Шеврон Мұнайгаз Инк.» инвестициялық жобаларының үйлестірушісі.

2012-2014 жж. — ҚР СІМ ресми өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2017 жж. — «Шеврон Мұнайгаз Инк.» үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары.

2015-2017 жж. — Еуразиялық халықаралық қатынастар кеңесінің директоры.

2017-2022 жж. — Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2022-2023 жж. — «24 KZ» телеарнасында «Мир» бағдарламасының жүргізушісі.

ҚР СІМ ресми өкілі қызметіне тағайындалғанға дейін «Верный Капитал» компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

Ағылшын және француз тілдерін меңгерген.

Айта кетейік, бұған дейін Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып бекітілгенін жаздық.