Жандар Асан: Жаңа Конституция жобасының өзегі – адам құқығы

АСТАНА. KAZINFORM - Ең маңыздысы, жаңа Конституция жобасының өзегі – әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығы. Адам құқықтары мен бостандықтары бүкіл жүйенің іргетасы.

Жандар Асан
Фото: видеодан алынған скрин

Бұл логика бойынша мемлекет өз мүддесі үшін емес, азаматтың қадір-қасиеті, қауіпсіздігі және өзін ашу мүмкіндігі үшін қызмет етеді. Бұл туралы белгілі саяси сарапшы, коммуникация маманы Жандар Асан айтты.

- Жаңа Конституция жобасы – өткеннің қисынынан шығып, посткеңестік кеңістіктен тыс, заманауи мемлекет моделіне көшуге жасалған талпыныс. Біріншіден, ол кеңестік стильден – ауыр, өктем, бюрократиялық тілден бас тартады. Оның орнына Конституцияны шенеуніктерге арналған нұсқаулық емес, қоғамның ортақ келісімі ретінде түсіндіретін айқын әрі түсінікті логика қалыптасады», – деп атап өтті Жандар Асан.

Оның айтуынша, жаңа модель анағұрлым теңгерімді. Онда тежемелік әрі тепе-теңдік принципі нығайтылады, институттардың рөлі нақтыланады, биліктің бір орталыққа шоғырлануы азаяды.

- Конституция алғаш рет өзіміздің кім екенімізді және ерекшелігімізді көрсетеді. Ұлттық ерекшелігіміз, өткен тарихымыз, қоғамдық құндылықтарымыз басты орынға қойылады. Бұл жай декларация емес, кім екенімізді және қайда бет алғанымызды заң тұрғысынан бекіту. Ең маңыздысы, жаңа Конституцияның төрінде – адам тұр. Адам құқықтары мен бостандықтары бүкіл жүйенің іргетасы. Бұл логика бойынша мемлекет өз мүддесі үшін емес, азаматтың қадір-қасиеті, қауіпсіздігі және өзін ашу мүмкіндігі үшін қызмет етеді, – деді Жандар Асан.

Осыған дейін Конституция жобасына қатысты Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның пікірін берген едік.

 

Соңғы жаңалықтар