Жанна Асанова: Жүйелі қайшылық фармацевтика саласының дамуына кедергі келтіріп отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде субстанция өндірісі мүлде жоқ. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаты Жанна Асанова осы мәселені көтеріп, Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. 

Фармацевтика
Фото: Максат Шагырбаев/Kazinform

Сенатордың айтуынша, мемлекет отандық компаниялардан толық циклді өндірістің болуын, оның ішінде химиялық субстанциялар шығаруды талап етеді. Бірақ Қазақстанда субстанция өндірісі мүлде жоқ. Соған қарамастан, ел шикізатқа тәуелді және оның сапасын бақылаудың ешбір механизмі қарастырылмаған. Елімізде субстанция өндірудің болмауы саланы дамытуға қажет негізгі тетіктердің жоқтығымен одан сайын қиындап отыр. Елде субстанцияны өндіру қанша тұратыны туралы есеп жасалмайды. Ішкі сұранысқа арналған болжам да, өндірушілердің бірыңғай тізімі де жоқ. Қазақстанда халықаралық талаптарға сай субстанция жөніндегі досьеге қойылатын міндетті нормалар көзделмеген. Сонымен бірге еліміз шетелдік өндірушілерге инспекция жүргізбейді және субстанция сапасын импорт кезінде де, тіркеуден кейінгі кезеңде де зертханалық қадағалау жүргізілмейді.

— Нарыққа күмәнді сапалы заттардың түсу қаупі көбейіп келеді. Бұл препараттардың тиімділігіне ғана емес, сонымен қатар пациенттердің қауіпсіздігіне де әсер етуі мүмкін. Аллергиялық ауыр реакциялардың жекелеген жағдайлары әзірге субстанциялардың сапасымен тікелей байланысты емес. Алайда факторлардың жиынтығы мұны мұқият бақылау мен ғылыми тексеруді қажет ететін қаупі жоғары мәселе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мемлекет отандық өндірушіге басымдық беріп отыр. Ал қаржыны алмастыруда толық циклдің көрсеткіші ретінде ФҚС өндірісі болуы керек. Бірақ Қазақстанда толық циклді өндіріс жоқ. Өйткені оларға субстанция мен шикізат өндірілмейді. Көптеген молекула өндірісі айына 1-20 келі көлемде экономикалық тұрғыдан ақталмайды, түпкілікті толық құнға есеп-қисабы да, келешекте өтелу көкжиегінің инфрақұрылымы да жоқ — деді Жанна Асанова.

Депутат тұтас индустриялық саясатты қалыптастыру үшін фармацевтикалық өндірісті дамытуды, оның ішінде толық циклді субстанцияларды шығаруды басқаруды өнеркәсіптік немесе ғылыми салаға беруді ұсынды. Ол сондай-ақ оқшаулау, экономикалық модельдер және инфрақұрылымдық талаптарға молекулалар тізімі бар ФҚС өндіру жөніндегі ұлттық бағдарлама әзірлеуге, сондай-ақ субстанциялар бойынша құзыреттілік орталығын құруға шақырды. Сонымен қатар, депутат сапаны бақылауды күшейтуді — міндетті зертханалық тексерулерді, өндірушілердің бірыңғай тізілімін және халықаралық инспекцияларды енгізуді ұсынды.

Инфрақұрылымды қалыптастырғанға және егжей-тегжейлі жол картасын дайындағанға дейін толық циклды оқшаулау жөніндегі талаптарды уақытша тоқтата тұру қажеттігін атап өтті. 

Айта кетелік елде өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 37%-ы өндіріледі

Соңғы жаңалықтар