Жапония әйелдердің өмір сүру ұзақтығы бойынша тағы рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 87,13 жасты, ал ер адамдар үшін 81,09 жасты құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды oxu.az.

жапон әйел
Фото: Фото: azertag.az

Мәлімдемеге сәйкес, Жапония әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығы бойынша 40-рет әлемдік рекорд орнатты.

Көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда іс жүзінде өзгеріссіз қалды: әйелдердің өмір сүру ұзақтығы небәрі 0,01 пайызға артты, ал ерлердікі 2023 жылғы деңгейде қалды.

Әйелдер арасындағы көшбасшылыққа қарамастан, жапондық ер адамдар өмір сүру ұзақтығы бойынша әлемде Швеция, Швейцария, Норвегия және т.б. елдерден кейін алтыншы орында тұр.

Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бір жылда елде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім азайған. Сонымен қатар, Жапонияда адамдар табиғи себептерден жиі өледі.

Министрлік елдегі өмір сүру ұзақтығының өсуі COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар санына байланысты баяулады деп түсіндірді. 2023 жылы көрсеткіш теңесе бастаған.

Еске сала кетейік, Жапонияда 60 жастан асқан әжелерді «жалға алу» қызметі танымал болып келеді. 

Соңғы жаңалықтар