Жапония Қазақстанға және тағы төрт бұрынғы КСРО республикаларына табиғи газ орындарын игеруге 700 млн. доллар бөлмек

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Жапония Орталық Азияның бес еліне табиғи газ және сирек минералды жерлерді игеруге жәрдемдесу үшін қаржылай көмек ұсынады, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Жапония сыртқы істер министрі Коитиро Гэмба сенбі күні Токиода Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді. Бұл елдер мұнай, табиғи газ және сирек кездесетін минералдар сияқты табиғи ресурстарға бай, олар бұл елдер кірістерінің маңызды көздері болып табылады.

Гэмба бұрынғы  КСРО-ның бес республикасына жалпы көлемі 700 млн. доллар көмек ұсынуға уәде берді. Бұл қаражат осы елдерге бұрғылау технологиясын жаңартумен айналысатын сарапшылар тартуға, сондай-ақ экскаватор техникасын жеткізуге жұмсалады, деп хабарлады NHK телекомпаниясы. .

Бұдан бұрын жапондық Sumitomo Corp. сауда компаниясы келесі жылғы қаңтар айында ел үкіметінің қолдауымен Қазақстандағы сирек кездесетін металдарды сатып алуды бастайды, деп хабарланған болатын.

Сарапшылар Токионың осы соңғы шешімін Бейжіңмен даулы аумақтарға қатысты қатынастардың шиеленісуіне байланысты елдің Қытайға тәуелділігін азайту ниетімен байланыстырады.

Соңғы жаңалықтар