Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Жапония мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастарына - 20 жыл» логотипі әзірленді

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуына орай арнайы логотип әзірленді.

«Жапония мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастарына - 20 жыл» логотипі әзірленді

Осыған орай ұйымдастырылған байқаудың нәтижесі бойынша, комиссия қарауына түскен барлық жұмыстардың ішінен Жапония елшілігінің қызметкері Динара Әжіғалиеваның туындысы үздік деп танылды. Астанада өткен салтанатты қабылдауда  Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юдзо Харада байқау жеңімпазын жеке құттықтап, арнайы сыйлығын табыс етті.