Жапония Премьер-министрі отставкаға кетеді

АСТАНА. KAZINFORM – Жапония Премьер-министрі Сигэру Исиба Либерал-демократиялық партиясында жікке бөлінуді болдырмау үшін отставкаға кетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ВВС.

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кетеді –  БАҚ
Фото: Tomohiro Ohsumi

Исиба шілде айында өткен сайлаудан кейін партиясы жетекшілік ететін коалиция Жапония парламентінің жоғарғы палатасында көпшілігін жоғалтқанын атап өтті.

Asahi Shimbun газетінің жазуынша, көптеген жапон саясаткерлері Исибаны отставкаға кетуге шақырған. Бұл жайында AFP агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, Жапония иммиграциялық саясатты қайта қарастырмақ.