17:55, 10 Қараша 2025 | GMT +5
Жапония жағалауында 5,8 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА.KAZINFORM - Бір тәулік бұрын Жапонияда тағы бір жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Мияко қаласынан шығысқа қарай 128 шақырым жерде жатыр.
Құрбан болғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ. Бұған дейін елдің Ұлттық метеорологиялық агенттігі келесі аптада тағы бір күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Еске сала кетейік, 9 қараша күні кешке Жапонияның солтүстік-шығысында 6,7 балдық жер сілкінісі болды. Нәтижесінде Иватэ префектурасының шығыс жағалауында цунами туралы ескерту жарияланды.
Біз бұған дейін Ауғанстанда жер сілкінісінен жараланғандар саны 320-дан асқанын хабарлаған едік.