Жапония жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Хоккайдо префектурасы жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жапония жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі болды
Фото: Anadolu

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 173 мыңға жуық адам тұратын Обихиро қаласынан оңтүстікке қарай 123 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 46 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Жапонияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Токиоға жақын орналасқан Ибараки префектурасында болғанын жазғанбыз.

Kazinform үшін серіктес ТАСС агенттігі ұсынған материал.