Жапонияда ер адам мектеп оқушыларын қасақана қағып кетті

АСТАНА.KAZINFORM — Жапонияда полиция мектеп оқушыларын өлтіруге әрекет қылған ер адамды ұстады, деп хабарлайды NHK World-Japan телеарнасы.

NHK World-Japan телеарнасы
Фото: NHK World-Japan телеарнасы

Бейсенбі күні Осакада жеті бастауыш сынып оқушысын 13:30 шамасында үйге қайтып келе жатқан жерінен көлік қағып кетті.

Балалар дереу ауруханаға жеткізілді. Олардың есін білетіні хабарланды.

Полицияның хабарлауынша, 28 жастағы күдікті, Хигашимураяма қаласының тұрғыны Юки Ядзава өз кінәсін мойындады.

Күдіктінің айтуынша, ол «өмірінде көп нәрсеге әбден тойғандықтан» бір топ баланы қасақана қаққан.

Бұған дейін Ванкуверде фестивальге келушілерді көлік қағып, бірнеше адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы-Бішкек тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.

Соңғы жаңалықтар