Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жапонияда нөсер жауын алты адамның өмірін қиды

АСТАНА.KAZINFORM - Жапонияның шығысында нөсер жауын салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Kyodo.

Проливные дожди в Японии унесли жизни шести человек
Фото: Kyodo

Токио маңындағы Тиба префектурасында жолдар су астында қалып, ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды.

Жапония метеорологиялық агенттігі аймақ үшін ең жоғары - бесінші деңгейлі көшкін туралы ескерту жариялады, бірақ жұма күні барлық ескертулер төмендетілді.

400 мыңнан астам адамға эвакуациялау туралы бұйрық берілді. 45 000 үй электр қуатынсыз қалды.

Пойыз бен автобус қатынасының үзілуіне байланысты шамамен 7000 адам әуежайда түнеді.

Нөсер жауыннан Тиба мен Токионың көп бөлігінде көлік қозғалысы қиындады.

Тибада бейсенбі күні кешке бір сағат ішінде жауын-шашын мөлшері 115 миллиметрге жетті.

Бұған дейін Алматы облысында нөсер салдарынан трассаның бір бөлігін су шайып кеткен еді.