Жапонияда - толассыз нөсер, алапат тасқын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстік-батысында толассыз жауған нөсер салдарынан туындаған көшкіннен және алапат тасқыннан кейін префектура  билігі 21 мың жергілікті тұрғынды қауіпсіз аймақтарға көшіруге кеңес берді.
None
None

Небәрі бір сағат ішінде префектурада 100 миллиметрден астам жаңбыр жауған, деп хабарлайды РИА Новости.

Синоптиктердің хабарлауынша, нөсер жауын елдің солтүстік-шығысындағы Фукусима префектурасында да күтілуде. Метеорологтар тұрғындардың тау бөктерлері мен жарларынан қашықтау жүріп, өзен жағалауларына жақындамауға шақырады. 

Соңғы жаңалықтар