Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 213-ке жетті

Жапониядағы Ното аралы аймағында болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 213 адамға жетті. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

жер сілкінісі жапония
Фото: Kyodo

Бұл туралы Исикава префектурасының билігі хабарлады.

52 адам әлі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде, төтенше жағдайлар қызметі олардың орналасқан жерін анықтау үшін байланыс орната алмай отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің саны 567 адам.

Табиғи апаттан әсіресе Исикава префектурасы зардап шекті: онда кем дегенде 1370 үй толық немесе ішінара қирады, өрт салдарынан 300-ден астам ғимарат бүлінді. Энергетиктердің айтуынша, аймақта 13,5 мың үй жарықсыз қалды.

Сонымен қатар, Исикава префектурасының 22 ауданында 3,1 мыңға жуық адам оқшау қалып қойды. Жапонияның құтқару қызметтері жергілікті тұрғындарға жер сілкінісінен кейін жолдардың опырылып қалуына байланысты жете алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар