Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Масаеси Камохара «ҚазАқпаратты» 95 жылдық мерейтойымен құттықтады
Құрметті Дәурен Кеңесұлы!
Сізді және еңбек ұжымыңызды шын жүректен агенттіктің айтулы 95 жылдық маңызды мерейтойымен құттықтаймын.
Қазіргі уақытқа дейін Сіз басқарып отырған ақпарат агенттігі Жапония туралы түрлі оқиғаларды жариялап келді, соның арқасында қазақстандықтар заманауи қазіргі Жапонияны танып-білу мүмкіндігіне ие болды. Әсіресе, соңғы жылдары әр жылдары қызмет еткен сыртқы істер министрлерімен бірқатар сұхбаттар жарияланды, оның ішінде менің де сұхбатым шықты, қазақстандықтар жапондық сыртқы саясат туралы көбірек біле түсті. «ҚазАқпарат» ХАА-мен тығыз ынтымақтастықтың арқасында біздің ел жайлы шынайы, нақты ақпарат жеткізілді, бұл іс әрі қарай да жалғасын табатын болады.
Қазіргі уақытпен салыстырғанда, 95 жыл бұрын медиа кеңістікті негізінен газеттер мен қағаз басылымдары құрады. Алайда қазіргі уақытта теледидар, радио, интернет, түрлі ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Қазіргі жағдайда агенттік түрлі саладағы, атап айтқанда саясат, экономика, қоғам, білім беру, мәдениет, спорт және тағы басқа Үкіметтің ресми хабарламаларынан бастап барлық жаңалықтарды жедел таратуды белсенді жалғастырып келеді. Келешекте де үлкен сенім артарлық ірі қазақстандық ақпараттық агенттіктердің бірі ретінде өз қызметін жалғастыра беретініне сенімім мол.
Агенттіктің одан әрі дамып, гүлдене беуіне тілектеспін, Сізге денсаулық, еңбекте табыс тілеймін.
Құрметпен Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Масаеси Камохара
2015 жылғы 13 тамыз