Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаратылыстану-ғылыми пәндерге қатысты ТМД елдерінің танымал ғалымдары бірлесіп оқулықтар жазады - Ж. Түймебаев

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада ұйымдастырылған съезден кейін бұндай жиындар тұрақты түрде өткізіледі деген үміттемін. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан ТМД-ға қатысушы мемлекеттер мұғалімдерінің, білім саласы қызметкерлерінің І съезінен кейінгі брифингте Ресей Білім және ғылым министрі Андрей Фурсенко мәлім етті,

Жаратылыстану-ғылыми пәндерге қатысты ТМД елдерінің танымал ғалымдары бірлесіп оқулықтар жазады - Ж. Түймебаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша екі күннен бері өтіп жатқан съезд жұмысында жалпы оқулықтар бойынша, жалпы бағдарламалар тұрғысында, білімді бағалаудың шаралары бойынша ұсыныстар жасалған. «Осыны мен басты мәселелер ретінде атап өткім келеді. Себебі, ТМД елдері министрлерімен қарым-қатынас жиі өтіп тұрады, ал мұғалімдердің осындай байланыстарды орнатып, тәжірибе алмасуы сирек кездесетін жайт. Осыған орай Астанада ұйымдастырылған съезден кейін бұндай жиындар тұрақты түрде өткізіледі деген үміттемін»,-деді Ресей министрі.

Оқулықтар мәселесіне тоқталған А. Фрусенко, «бүгінде кітаптар тек қағаздан жасалған оқулықтар ғана емес, сонымен бірге электронды түрінде де таратылады. Осыған байланысты біз форум барысында әр елде даярланған электронды оқулықтар ТМД-ның түгел кеңістігіне қол жетімді болуын сөз еттік»,-деді.

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев алдағы кездесулер оқулықтар мен оқу құралдарын даярлауға арналатынын жеткізді. «Атап айтқанда, жалпы оқулықтарды құру бойынша алғашқы тәжірибелік қадамдар бар. Бұндай оқулықтар география, экология пәндері тұрғысында қамтылған. Әсіресе жаратылыстану - ғылыми пәндер бойынша біз танымал ғалымдардың үздік оқулықтарымен пайдалана аламыз. Себебі, қазіргі кезде Қазақстанда және Ресейде балама оқулықтар бар. Осыған байланысты біз оқытушылар мен оқушыларға балама оқулықтармен пайдалануға мүмкіндік беруіміз керек»,-деді.

Осы орайда Ж. Түймебаев жаратылыстану-ғылыми пәндерге қатысты Ресейде, Беларуста, Украинада үздік авторлар бар екенін айтып өтті.

«Оларды шақыра отырып, бірлескен түрде осындай оқулықтар жазылатын болады»,-деді министр.