Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жарты жылда 50 мыңнан астам қазақстандық Әзербайжанға барған

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылдың алғашқы алты айында Әзербайжанға 50 мыңнан астам Қазақстан азаматы сапарлады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға көп. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Әзербайжанның Мемлекеттік туризм агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Более 50 тысяч казахстанцев посетили Азербайджан за полгода
Фото: Әзербайжанның мемлекеттік туризм агенттігі

Туристер санының артуына байланысты Әзербайжанның Туризм бюросы 21-24 шілде аралығында Қазақстан мен Өзбекстанның туристік компаниялары өкілдеріне арналған таныстыру турын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – елдің туристік әлеуетін таныстыру және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Сапар барысында 20-ға жуық туристік компания өкілі Әзербайжанның туристік инфрақұрылымымен танысты.

Олар жағажай туризмінің мүмкіндіктерін, тарихи-мәдени мұра нысандарын, ұлттық тағамдарды және туристерге ұсынылатын қызмет түрлерін көрді.

Более 50 тысяч казахстанцев посетили Азербайджан за полгода
Фото: Әзербайжанның мемлекеттік туризм агенттігі

Бағдарламаның басты оқиғасы B2B форматындағы кездесу болды.

Оған Қазақстан мен Өзбекстанның туризм саласы өкілдері, сондай-ақ Әзербайжанның 80-ге жуық туроператоры мен қонақүй бизнесінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жаңа туристік бағыттарды дамыту, серіктестік байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстанмен қатар, Өзбекстаннан келетін туристер саны да тұрақты өсіп келеді.

Биылғы алты айда Әзербайжанға Өзбекстанның 34 мыңнан астам азаматы барған.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49 пайызға көп.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, таныстыру туры Орталық Азия елдерінен келетін туристер санын арттыруға және туризм нарығына қатысушылар арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Более 50 тысяч казахстанцев посетили Азербайджан за полгода
Фото: Әзербайжанның мемлекеттік туризм агенттігі

Айта кетейік, Қазақстан Әзербайжан Гран-приіне билет сатып алу бойынша өңірде көш бастады.