Жасөспірімдер Азиадасы: Александр Румынский жүзуден қола алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жүзгіш Александр Румынский Манама (Бахрейн) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Александр Румынский жүзуден жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

Спортшы 200 метрге арқамен жүзу сайысында финалға жолдама алды.

Шешуші кезеңде Румынский үшінші нәтиже көрсетті. Ол мәреге 02:03.97 уақытымен жетті.

Бірінші орынды Тайбэйлік Ю-тен Хуан (02:01.96) иеленсе, күміс медаль қытайлық Шици Цзиге (02:02.57) бұйырды. 

Айта кетелік Бейбарыс Ерсейіт 1 күміс, 1 қола алған еді

Соңғы жаңалықтар