Жаттығу жалғасады: Думан қонақүйіндегі гимнастика залы жазға дейін істейді

АСТАНА. KAZINFORM — Туризм және спорт министрлігі Астана қаласы №1 БЖМОРСМ тәрбиеленушілерінің (көркем гимнастика бөлімі) «Думан» қонақүй кешенінің залында жаттығуына қатысты мәселеге түсініктеме берді. 

Бадиий гимнастика
Фото: Спортни ривожлантириш дирекцияси

— Қазіргі уақытта Отбасы банк спортшыларға аталған залды 2026 жылғы 1 маусымға дейін пайдалануға ұзартты. Бұл оқу-жаттығу жұмысын тұрақты жалғастыруға мүмкіндік берді. Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сәйкес, 1 маусымнан бастап жыл соңына дейін «Сарыарқа» велотрегінің спорт залын жалға алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, — делінген хабарламада.

Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, Жангелдин көшесі, 9а мекенжайында орналасқан «Жеңіс» спорт кешенінде көркем гимнастика залына арналған арнайы қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоба аясында көлемі 14×14 метр, биіктігі 14 метр болатын екі тұғыр қарастырылған. Нысанды биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

— Туризм және спорт министрлігі үшін спортшылардың тұрақты дайындық жағдайын қамтамасыз ету — негізгі басымдықтардың бірі. Егер баламалы алаң анықталмаса, қолданыстағы залды одан әрі пайдалану мәселесі балалардың мүддесін ескере отырып, қайта қаралады. Бұл туралы қосымша ақпарат БАҚ арқылы хабарланады. Жағдай министрліктің бақылауында, — делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ  неліктен Отбасы банк Астанадағы «Думан» қонақүйін сатып алғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум