12:30, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
«Жауынгерлік достастық- 2009» дәстүрлі әскери оқу-жаттығулары тамызда басталады
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ТМД елдері Қарулы Күштерінің бірлескен «Жауынгерлік достастық-2009» атты екі жылда бір өтетін дәстүрлі әскери оқу-жаттығулары биыл тамыздың 7-сі мен қыркүйектің 18-і аралығында өтеді.
Бұл туралы бүгін ТМД-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Үйлестіру комитетінің отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресей әскери әуе күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Вадим Волковидскийдің айтуынша, жаттығулар бірнеше кезеңдер бойынша ТМД-ға қатысушы елдердің аумағында өтеді. Ал оқу-жаттығудың соңғы кезеңі Астраханда ұйымдастырылмақ.
«Онда ТМД-ның барлық елдерінің әуе шабуылынан қорғаныс күштері тартылатын болады», -деді В. Волковидский.