«Жайық» футбол клубы жаңа маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді
ОРАЛ. KAZINFORM — Бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының екінші турында Оралдың «Жайығы» П.Атоян атындағы стадионда «Астана жастарын» қабылдады.Бастапқы турда сырт алаңда «Арысты» 1:0 есебімен ұтқан оралдықтар бұл жолы да білгенінен жаңылған жоқ.
Бірінші таймда команда капитаны Бауыржан Омаров бұрыштамадан берген допты «Жайықтың» жас ойыншысы Айбар Ахмет қақпада тулата білді.
Осы есеп матч соңына дейін өзгерген жоқ — 1:0.
Сөйтіп екі ойыннан кейін 6 ұпай жинаған Вячеслав Невольниковтің шәкірттері бірінші лигада көш бастады.
«Жайық» үшінші турда Алматыда 24 сәуірде «Хан-Тәңірі» командасымен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдың «Жайығы» бірінші лиганың беташар ойынын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Қазақстан кубогында «Қайрат» Оралда «Жайықтан» басым түсті.