Жайықтан өтпек болған «Нива» көлігі мұз астына түсіп кетті, 27 жасар азамат ажал құшты
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда сенбі, 26 қаңтар күні Дамба кенті маңында Жайық өзенін кесіп өтпек болған «Нива» көлігі мұз ойылып, астына түсіп кетті, 27 жасар азамат ажал құшты,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Суға ағып кеткен 27 жастағы азаматың мәйіті Атырау облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің күшімен (3 адам және 1 техника) шығарылды.