Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде 115-орынға көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды.
WTA рейтингісінде жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 79-дан 81-ге сырғыды.
Жұптық сында Анна Данилина бұрынғыша 6-орында тұр.
Өткен аптада Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Жібек Құламбаева жұптық сында 136-дан бірден 115-ке көтерілді. Осылайша, ол ТОП-100-ге жақындап келеді.
Алдыңғы аптада Яссы (Румыния) WTA 250 жарысының финалында ойнаған Ж.Құламбаева 174-тен 136-ға жоғарылаған еді.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик жекелей сында ATP рейтингісінде 11-сатыда қалса, Александр Шевченко 84-тен 89-ға төмендеді.
Көрсеткішін жақсартқан Тимофей Скатов 163-тен 150-ге ауысты.
Еске салайық, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Түркиядағы турнирді сәтті бастағанын жазған едік.