Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында екінші, сондай-ақ Юлия Путинцева 85-орнын сақтап қалды.
Жібек Құламбаева 479-дан 450-ге жоғарылады.
Жұптық сында Қазақстанның маңдайалды теннисшісі Анна Данилина бұрынғыша 6-сатыда тұр.
Өткен аптада украиналық Валерия Страховамен бірге Хасково (Болгария) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанған Ж.Құламбаева жұптық сында да жағдайын едәуір жақсартты. Жібек 194-тен бірден 173-сатыға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Болгариядағы жарыста үздік шыққанын жазған едік.