Жібек Құламбаева Болгариядағы жарыста үздік шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптық сында Хасково (Болгария) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды.
Украиналық Валерия Страховамен бірге жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда грекиялық Марта Матула - америкалық Хиба Шайхпен чемпиондық атақ үшін кортқа шықты.
Бірінші партияда Жібек пен Валерия үш брейк жасап, қарсыластарына бірде-бір гейм бермеді - 6:0.
Тартыстылау өрбіген екінші сет те қазақстандық-украиналық дуэттің пайдасына шешілді - 6:4.
Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Болгариядағы жарыстың финалына жолдама алғанын жазған едік.
Григорий Ломакин Қытайдағы турнирде топ жарды.