Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Хучжоу (Қытай) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті.

Жібек Құламбаева
Фото: sports.kz

Жарыстың 2-ракеткалары Ж.Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец ширек финалда үндістандық Рия Бхатия - франциялық Кароль Моннемен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-словениялық жұп бет қаратпады – 6:1. Екінші сетте үндістандық-франциялық дуэт есе қайырды – 6:2. Супер тай-брейкте Құламбаева – Эрьявец жеңісті жұлып алды – 10:6.

Бір сағат 11 минутқа созылған бәсекеде Жібек пен Вероника 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. Бхатия – Монне 1 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Жібек Құламбаева – Вероника Эрьявец финалға шығу үшін тағы бір франциялық Эстелль Кашино – қытайлық Шо Фэнмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Қытайдағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған едік. 

Сондай-ақ Дэвис кубогында Оңтүстік Кореямен ойында Шевченко Қазақстанды есепте алға шығарды.

Қазақстан – Оңтүстік Корея матчында Александр Бублик пен Квон Су Вон арасындағы кездесу жаңбырға байланысты ертеңге қалдырылды. Мұнда оңтүстіккореялық спортшы 7:6 (8:6), 3:0 есебімен алда тұр. 

Соңғы жаңалықтар