Жібек Құламбаева Қытайдағы жарыста екінші жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 395-ракеткасы Жібек Құламбаева Хучжоу (Қытай) челленджер турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен түйіндеді.
Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі іріктеу сайысының финалында әлемнің 484-ракеткасы, қытайлық Мэйки Гомен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда Жібек айқын басымдылық көрсетті — 6:1.
Екінші сетте қытайлық теннисші 5:3 есебімен алға шыққанымен, Құламбаева таразы басын теңестіре білді. Содан кейін тай-брейкте есесін жібермеді — 7:6 (8:6).
Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде Жібек Құламбаева эйс жасамағанымен, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Го 3 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Осылайша, қатарынан екі жеңіске қол жеткізген Жібек Құламбаева негізгі жарысқа жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Қытайдағы челленджер жарысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина Мадрид турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.